Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№13 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ » Средняя общеобразовательная школа № 13
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№13 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-94-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-21-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№13 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
02
сентябрь
2025

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№13 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы  білім бөлімінің «№13 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының бос орнына конкурс жариялайды


Конкурс жарияланған лауазым атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы  білім бөлімінің «№13 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: Мұхтар Әуезов даңғылы, 85

Байланыс телефоны: 87222 394 56

Электрондық мекен-жайы: sh13semey@mail.ru

Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№13 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қабылдау бөлмесінде 02.09.2025 ж. бастап 10.09.2025 ж. қоса алғанға дейін.

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім мектеп сайтында, Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.


Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: 

Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.


Лауазымдық міндеттері: 

      тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;

      аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;

      тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;

      педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;

      білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;

      мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

      білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;

      тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

      киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);

      білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;

      кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;

      есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;

      ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;

      мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;

      "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;

      адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;

      білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;

      педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;

      білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;

туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;

      білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

      білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

      

Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      педагогика және психология негіздері;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.


Құжаттар тізімі:

1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

9) жеке медициналық кітапшасы;

10) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

11) психиатриялық және наркологиялық диспансерден анықтама;

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.


Азаматтық қызметке, басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады. Толық емес құжаттар пакеті ұсынылған  жағдайда үміткердің конкурсқа қатысуға құжаттары қабылданбайды.


Ақпараттың дәлдігі үшін:

Мекенжай: Абай облысы,  Семей қаласы, Мұхтар Әуезов даңғылы, 85

Байланыс  телефоны: 87222 32 94 56

Электрондық  мекен-жайы: sh13semey@mail.ru