10
апрель
2025
"МӘМС бұрышы"


"Денсаулық — басты байлық!"
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) — Қазақстан Республикасы азаматтарына, оралмандарға және елімізде тұрақты тұратын шетелдіктерге медициналық көмекті тең әрі сапалы түрде алуға мүмкіндік беретін жүйе.
Мақсаты:
Халықтың денсаулығын жақсарту, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, әрбір адамның өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін қалыптастыру.
МӘМС бұрышы – бұл тұрғындарға сақтандыру мәртебесін тексеруге, жүйе туралы мағлұмат алуға, қажетті көмек түрлерін білуге арналған ақпараттық алаң.
МӘМС арқылы Сіз және жақындарыңыз:
Мамандандырылған дәрігерлік көмекті
Қымбат диагностикалық тексерулерді
Жоспарлы емдеуді
Қымбат операцияларды
Медициналық оңалтуды
алуға мүмкіндік аласыз.
Өз денсаулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын қорғау – өз қолыңызда!
МӘМС бұрышынан қажетті ақпарат алып, дер кезінде тіркеліңіз және сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдаланыңыз!