«Менің мектептегі бір күнім» жобасы аясында «Ашық есік күні» » Средняя общеобразовательная школа № 13
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№13 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-94-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-21-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің мектептегі бір күнім» жобасы аясында «Ашық есік күні»
05
февраль
2020

«Менің мектептегі бір күнім» жобасы аясында «Ашық есік күні»

Ақпанның 5-і күні «№13 ЖОББМ» КММ-де «Менің мектептегі бір күнім» жобасы аясында «Ашық есік күні» өткізілді. Тақырыбы: «Оқушылардың мектептегі қоғамдық жұмыстарға тартылуы». Іс-шараға ата-аналар шақырылды. Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен шара барысында: «Ағылшын тілін үйренейік!», «Робототехника», «Болар бала жасынан», «Жас сарбаздар», «Шебер қолдар» үйірмесінің жұмыстары көрсетілді. Педагог-психолог ата-аналармен тренинг өткізді. Келген қонақтар өз балаларының өнерін көріп, мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді. «Үйірменің үйретері көп» екенін тағы бір дәлелдедік. Үзіліс кезінде қонақтар «Сатушысыз дүкен» мен музей жұмысына куә болды.