Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№13 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ » Средняя общеобразовательная школа № 13
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№13 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-94-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-21-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№13 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
08
сентябрь
2025

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№13 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің  

«№ 13 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бос лауазымдық қызметке

конкурс жариялайды

Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№ 13 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

дефектолог – 2 бірлік, логопед – 1,5 бірлік, тәрбиеші – 2 бірлік, мектепалды даярлық мұғалімі – 1 бірлік

Конкурсты өткізу орны: Абай облысы, Семей қаласы, Мұхтар Ауезов даңғылы 85.

Байланыс  телефоны:  8 (7222)  32-94-56

Электрондық пошта: sh13semey@mail.ru 


Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ға дейін жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek.kz сайтында, Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№ 13 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні  туралы  хабарлама  жариялаған  күннен бастап 7 жұмыс күнде  08.09.2025 –22.09.2025 аралығында жүзеге асырылады. 

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Жоғары педагогикалық білімі немесе мамандық бойынша кәсіптік білімі болуы қажет, не болмаса педагогикалық қайта даярлаудан өткендігін растайтын құжат болуы керек (жұмыс өтіліне талап қойылмайды); 
  • Оқытушылық қызметін жүзеге асыру кезінде қосымша «педагог», «педагог-модератор», біліктілігі немесе «педагог сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілігінің болуы.
  • компьютерлік сауаттылық, қажетті құжаттарды дайындауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді білу және меңгеру.

Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген «Педагогтердің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» құжатының 1-бөлімінің 3-тарауы, 11-параграфының талаптарына сәйкес.


Қажетті құжаттар тізімі:

Байқауға қатысуға ниет білдірген тұлға төмендегі құжаттарды (қағаз немесе электронды түрде) тапсыруы қажет. Құжаттар ҚР БҒМ 2025 жылғы 3наурыздағы №57 бұйрығына сәйкес ұсынылады:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 баллнемесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

       11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

      12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.


Құжаттар толық ұсынылмаған жағдайдабайқауға қатысуға рұқсат берілмейді.


Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.



Қосымша ақпарат алу үшін:

Мекенжай: Абай облысы, Семей қаласы, Мұхтар Ауезов даңғылы 85.
 Байланыс телефондары:
 
 
📞 8 (7222)  32-94-56
 
 

Электрондық пошта: sh13semey@mail.ru